Жайсан түрік ғибадатханасы ; ерте ортағасырлық түркілердің Шу ауданы мәдени-ғұрыптық кешені. Бұл аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын жерлеу орындары ; қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен рулық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды. Ғұрыптық қоршаулардың әрқайсысының орта тұсында жарым-жартылай сындырылған, беттері шығысқа қаратылған балбалдармен стелалар орнатылған. Тас мүсіннің мойнында ірі тастардан алқа бейнеленген, сонымен қатар сырт киімінің жағасы мен кең келген жеңі, шығыс үлгісінде малдас құрып отырған бейнесі салынған. Оң қолында кубок үлгісіндегі ыдыс көрсетілген. Қоршаулардың ішіндегі ең көлемдісі құрылыстың шығыс жағында орналасқан.