Өтеген батыр Өтеғұлұлы (1677-1773жж.) - Шу өзенінің төменгі ағысында туып-өсіп, XVIII ғасырдағы қазақтың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен ұлт-азаттық күресінің белсенді мүшесі. Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Төле бидің, Абылай ханның серігі болды. 1740 жылы өз жасағымен Төле бидің әскерлері құрамында шайқасты. 1757 ж. Семей мен Ямышев қамалдары үшін болған жоңғарлармен шайқасқа қатысты. Батырдың ерліктері XVIII ғасырдың өзінде-ақ дастандарда жырланып, ұрпақтан - ұрпаққа жетіп отырған. Өткен ғасырлардың ақындары: Құсен, Тілеміс, Майкөттер оған өз әндерін арнаған. Ең әйгілісі Жамбыл Жабаевтың ;Өтеген батыр; дастаны. Атақты Байсерке күйші, Тілеміс шешен Өтеген батырдың ұрпағы. Бұл кесене - батырдың туылғанына 300 жыл толуына орай 1999 ж. салынған.