«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңын бұзу

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңын бұзу

Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасымен "Жамбыл облысы ішкі және сыртқы туризм қауымдастығының" төрайымы  А.Веймердің және "Marven tour" ЖШС төрайымы В. Алтынбекованың өтініштері негізінде Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Ж.Мұртазаның, жергілікті полиция басқармасының орынбасары Ж.Құттыбаевтың, мемлекеттік кірістер камеральдық мониторинг Департаментінің басшысы Е.Мулдашевтің және Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының бөлім басшыларының құрамында жұмыс тобы  құрылды.

Комиссия отырысында бұқаралық ақпарат құралдарындағы заңсыз туристік қызметке қатысты алдағы уақытқа  іс-қимыл  жоспары қабылданды.

Басқарма тарапынан заңсыз туристік қызметпен айналысып жүрген тұлғалардың тізімі қалыптастырылып, анықтау және тергеу жұмыстарын жүргізу үшін Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасына және Жамбыл облысы бойынша полиция департаментіне жолданды.