
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандары Тараз қаласындағы Әл-Фараби көшесіндегі «Нурислам» гипермаркетінде орналасқан көрнекі ақпараттар, баға көрсеткіштер мен бақылау касса машиналары арқылы шығарылатын түбіртектердің тілін зерделеді.
Сауда орнының көрнекіліктері мен баға көрсеткіштері өкінішке орай заң талаптарына сәйкес келмейді, сондай-ақфискалды түбіртектердің де тек орыс тілінде шығарылатыны анықталды.
Бұл бойынша «Нурислам» гипермаркетінің бас операторы Лидия Казееваның қабылдауында болып, меншік иесіне аталмыш дүкен желілеріндегі көрнекі ақпараттар, баға көрсеткіштер мен бақылау касса машиналары арқылы шығарылатын түбіртектердің тілі еліміздің тіл туралы заңы талаптарына сәйкес ең бірінші қазақ тілінде жазылу керектігі түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Заң талаптарына сәйкестендіру үшін 6 ай мерзім берілді.
Кәсіпкерлерге орын алған кемшіліктерді жою және басқармамен ынтымақтастық ұсынылды.
Қала бойынша зерделеу жұмыстары жалғасын табатын болады.