МЕНІМЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕС!

МЕНІМЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕС!

Өңірде шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік тілде қызмет көрсетуін қамтамасыз ету, әдістемелік көмек көрсету мақсатында тіл жанашырлары мен БАҚ өкілдерінен құрылған арнайы топ  «КОРЗИНКА», «НҰРИСЛАМ», «ФИРКАН», «SMALL», «MAGNUM» тағы басқа да ірі сауда орталықтарында «Менімен қазақша сөйлес!» акциясы жүргізілді.

         Акция аясында арнайы электронды таразылардакөрсетілетін ақпарат пен нұсқаулар және тауарлардың атауы мен түрлерін мемлекеттік тілде жазу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.