«Қазақшаң қалай, балақай?» атты акция Тараз қаласындағы №8, №11, 20, 27 бөбекжай-бақшаларында да өзжалғасын тапты.
Акцияның шартына сәйкес бүлдіршіндер қазақ тілінде таныстырып, өздерінің балабақшалары мен отбасылары туралы сұхбат құрып, қазақша ертегілерді айтып, өнерлерін көрсетті. Балалар жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар мен мақал-мәтел жалғасын дұрыс табудан да жарысқа түсті.
Акцияға 230 өзге этнос бүлдіршіндері қатысты.
Шараға белсенді қатысқан балабақшалар басқарманың Алғысхатымен және сыйлықтармен марапатталды.