МЕНІМЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕС!!!
Тараз қаласындағы екінші деңгейлі банктерде мемлекеттік тілде қызмет көрсетуін қамтамасыз ету, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Менімен қазақша сөйлес!» акциясы жүргізілді.
Акция аясында «Kaspi Bank» АҚ, «Центр Кредит Банкі» АҚ-да курстар мен тренингтер жүргізіліп, тіл жанашырларының қатысуымен кездесулер өткізілді.
Екі тілде (қазақ-орыс) 2000 данамен «Қазақ тілін оқып үйренуге арналған тиімді платформалар жиынтығы» брошюрасы, 1000 данамен «Отбасында қазақ тілін үйренеміз!» тілашар сөздігі, қазақ тілін тез үйренуге бағытталған қарапайым деңгейде 40 және базалық деңгейде 30 сабақтың электронды нұсқасы 100 дана DVD-диск және 16 сабақтан тұратын «QazOnline» мобильді қосымшасын жүктеуге арналған QR-коды таратылды.