БАЛА ТІЛІ - БАЛ

БАЛА ТІЛІ - БАЛ

 БАЛА ТІЛІ - БАЛ

 

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастырумен 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тараз қаласындағы бөбекжай-балабақшаларында «Қазақшаң қалай, балақай?» атты облыстық акция өтті.

Акцяның мақсаты – мектепке дейінгі білім мекемелеріндегі өзге ұлт өкілдері тәрбиеленушілерінің мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын ояту, бүлдіршіндердің ана тіліне деген құрметін арттыру.

Шараға қатысқан барлық бүлдіршіннің мемлекеттік тілді білуге деген талпынысы, олардың жүрекжарды лебіздері мен акцияға қатысуға деген құлшыныстарынан байқалып тұрды.

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту бағытындағы шарада белсенділік танытқан Тараз қаласының №28, №5, №16, №35, №31, №39 балабақша ұжымдары басқарманың Алғысхатымен марапатталып, бүлдіршіндерге   базарлық сыйлықтар табысталды.