ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін тілдерді дамыту басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова Меркі ауданы әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы топ мүшелерімен кездесу өткізді. "Ұлттың сипаты ең алдымен оның тілі мен ономастикалық атауларынан көрінеді" деген басқарма басшысы ономастикалық атауларды бір жүйеге келтіруде әлі де шешімін таппаған мәселелер бар екенін алға тартты. Көшелердегі жарнамалар, көрнекі ақпараттарға қатысты шешілмей жатқан мәселелер де көп. Жұмысшы топ мүшелері идеологиялық тұрғыдан ескірген, беймәлім кісілердің есімімен аталатын көшелер бар екенін, нысандарға, көшелерге кісі есімін бергенде өте мұқият болу, үлкен жауапкершілікпен қарау керек екендігін тілге тиек етті.