«Латын сағаты» онлайн ашық есік күндері

«Латын сағаты» онлайн ашық есік күндері

«Латын сағаты» онлайн ашық есік күндері

 

   Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың  тапсырмасына сәйкес жаңа әліпбиді халыққа жан-жақты түсіндіруге бағытталған кешенді ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында          2021 жылы 1 наурыз күні «Латын сағаты» онлайн ашық есік күнін өткізді.

Онлайн ашық есікке кітапхана қызметкерлері қатысып, 2021 жылы                  28 қаңтарда ҚР Үкіметі жанындағы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында мақұлданған  жетілдірілген әліпбиі жобасымен таныстырылып, диакритикалық таңбаларға түсініктеме берді. Қатысушылар жаңа әліпби бойынша өз ойларын ортаға салып, латын графикасында мәтіндер оқып, оқу дағдыларын қалыптастырды.

Ашық есік күніне барлығы 20 адам қатысты.