Е-otinish платформасы арқылы мемлекеттік органдарға ресми өтініш бере аласыз

Е-otinish платформасы арқылы мемлекеттік органдарға ресми өтініш бере аласыз

Құрметті облыс тұрғындары!

Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі жұмыс істеп тұрғанын еске саламыз.

Сіз «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға (әкімдіктер, министрліктер, комитеттер, агенттіктер және басқа да мекемелерге) кезексіз және бюрократиялық кідіріссіз өз өтінішіңізді бере аласыз (Мемлекеттік органдарға ресми өтініш беріңіз | eOtinish).

Ол үшін:

  1. Кез келген қолжетімді авторизация әдісін пайдаланып жүйеге кіріңіз;

  2. Өтінішті толтырыңыз;

  3. Өтінішке қол қойыңыз;

  4. Орындалуын қадағалаңыз.