Апатты облыстардан келген балаларды лагерьлерге орналастырды

Апатты облыстардан келген балаларды лагерьлерге орналастырды

Осы жылдың 10 сәуір күні Алматы облысының білім басқармасы су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарынан келген оқушыларды, 10 сәуір -22 мамыр (43 күн) аралығында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан «Тау Жаңашар» балалар сауықтыру лагеріне 70 оқушыны, Талғар ауданында орналасқан «Тау Тұран» балалар сауықтыру лагеріне 10 сәуір-15 мамыр (31 күн) аралығында 100 баланы демалыс және оқу уақытын өткізу үшін орналастырды.
Балаларға барлық қажетті жағдайлар жасалып, қашықтықтан оқу процесі, сонымен қатар, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі спорттық шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылады.