Арық жүйелері- қаланың қан тамыры

Арық жүйелері- қаланың қан тамыры

Қазіргі таңда Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің тапсырмасымен шаһардағы арық жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде. Қаланы дамытудың үш жылға арналған жоспарында да бұл мәселеге баса мән берілген.

Осы мақсатта 2023 жылы шаһардағы жалпы ұзындығы 30,2 шақырым арық жүйесі ауыстырылды. Атап айтсақ, «Ақбұлақ», «Салтанат», «Қарасу», «Талас», «Самал», «Алатау», «Мыңбұлақ» шағын аудандарында құрылыстары жүргізілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар былтыр да өз жалғасын тауып, 12 шақырым лоток жүйесі орнатылды. Ал биылғы жылы жалпы ұзындығы 17 шақырымды құрайтын арық жүйесін жаңғырту жоспарланып отыр. Аталмыш жұмыстар қаладағы Желтоқсан, Қазыбек би, Төле би, Байзақ батыр, Сүлейменов көшелері және «Қаратау», «Жайлау», «Аса», «Жансая» шағынаудандар мен «Химпоселок» аумағында жүзеге асырылатын болады.

Жалпы бұл ауқымды жоба 2027 жылға дейін жалғасын табады.