Тараз қаласы «Әулиеата» ауданы әкімі тағайындалды

Тараз қаласы «Әулиеата» ауданы әкімі тағайындалды

Барлық Әдепқанұлы Төреханов Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласы «Әулиеата» ауданы әкімі болып тағайындалды.

Барлық Төреханов 1979 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары.

Астана қаласында Д.А.Қонаев атындағы университетін заңтану мамандығы;
Алматы қаласында Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін экономика мамандығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін саясаттану мамандығы;
«Қоғамдық саясат және менеджмент» мамандығы бойынша Дюк университетін (Солтүстік Каролина штаты, АҚШ) аяқтаған, Заңгерлер қауымдастығының мүшесі.
Еңбек жолын 2000 жылдан бастаған:
«Ақнұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары;
Астана қаласында «Асыл түлік» акционерлік қоғамының заңгері;
Ақмола облысында «Строй Групп Монолит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заң бөлімінің бастығы;
Астана қаласында «Жылжымайтын мүлік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының адвокаттық қызметке байланысты емес құқықтық қызмет көрсету, нотариалдық куәландыру, міндетті емес шарттарды тіркеу құқығы бойынша бөлімнің бастығы;
Алматы қаласы Түрксіб аудандық Әділет басқармасының бастығы;
Алматы қаласы Әділет департаменті бастығының орынбасары;
«Samruk-Kazyna Trust» корпорациялық қорында жобалау басқармасы департаментінің директоры;
Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары;
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы департаменті басшысының орынбасары және жоғарыда аталған комитеттің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.

2025 жылдың 8 мамырынан бастап Тараз қаласы «Әулиеата» ауданы әкімі болып тағайындалды.