Таразда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері мен жол таңбаларын сызу (жаяу жүргінші жолдары, тоқтау сызықтары және т.б.) бойынша жұмыстар жүруде.
Бүгін мердігер «Строймонтажgroup» Жамбыл даңғылы (автобекеттен Төле би даңғылына дейін) және Қ.Сәтпаев көшесінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол бөлігін таңбалау жұмыстарын жүргізуде.