«Ұлы Дала» шағын ауданы аумағында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 110 көпқабатты тұрғын үй бар. Сонымен қатар, 22 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Бұл өз кезегінде жылу желілеріне түсетін жүктемені арттыруда.
Бүгінде аталған жұмыс жобасына сәйкес «Ұлы Дала» (15) шағын ауданы аумағында жылу құбырын кеңейту жұмыстары жүруде. Құрылыс жұмыстарының мердігері – «СК-АВС» ЖШС.