Түнімен жұмыс істейтін ойын-сауық нысандары тұрақты бақылауда

Түнімен жұмыс істейтін ойын-сауық нысандары тұрақты бақылауда

Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасы алаңында таңғы уақытқа дейін жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандар бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Келелі басқосуға Тараз қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесі, Тараз қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі және қала әкімдігінің тиісті бөлімдері арнайы қатысты.
 
Жиынды қала әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова жүргізіп отырды.
 
Жалпы қалалық полиция басқармасы қоғамдық орындарда және көшелерде қылмыстың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Алайда, осыған қарамастан, таңғы уақытқа дейін жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандарда орын алатын заңбұзушылықтар саны азаяр емес. Жиынға қатысушылар осы мәселе төңірегінде өз ойларын ортаға салып, еркін пікір алмасты.

 

Отырысты қорытындылаған Ұлана Сламбекқызы аталған мәселе алдағы уақытта әкімдік тарапынан тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.