Отан қорғау – ер парызы (көктемгі әскерге шақыру бойынша іс-шара)

Отан қорғау – ер парызы  (көктемгі әскерге шақыру бойынша іс-шара)

Бүгін Тараз қаласы, «Жібек жолы» ауданы, Жалпақтөбе елді мекенінде ауыл ардагерлерінің, этнос өкілінің және жастардың қатысуымен келелі кездесу өтті.

 
Кездесуде жастарды мерзімді көктемгі әскерге шақырту бойынша насихат жұмыстары айтылып, алдыңғы буын ағалар ақыл-кеңес берді.

 

Аталған іс-шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекқызы мен қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысы қатысты.