Қаланың ирригациялық жүйесі жақсарса, шаһардың шырайын арттырып қана қоймай, сел тасқынынан сақтануға да септігін тигізеді. Осы мақсатта облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен шаһар аумағындағы 6 ирригациялық және 2 дренаж каналын механикалық тазалауға қала бюджетінен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар қолға алынған болатын. Осы жұмыстар нәтижесінде каналдарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
Каналдың абаттандырылатын бөлігі 1738 метрді құрайды. Жуық арада мұндағы жұмыстар аяқталып, абаттандырылған канал бойы қала тұрғындарының демалыс аймағына айналатын болады.