М-1 жылу желісін қайта жаңғырту жұмыстары басталды

М-1 жылу желісін қайта жаңғырту жұмыстары басталды

Таразда Сыпатай батыр, Төле би, Қ.Тұрысов көшелеріндегі М-1 жылу желісін қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

 
2024 жылы «Тараз қаласы Сыпатай батыр, Төле би, Қ.Тұрысов көшелеріндегі М-1 жылу желісін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 4602 м жылу құбыры ауыстырылған болатын.
 
Биыл аталған жылу құбырының қалған 1536 метрі ауыстырылады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың 26 сәуірі күні басталды.

 

Осыған байланысты, Төле би даңғылының Қ.Тұрысов көшесі мен Жамбыл даңғылы арасындағы бөлігінде барлық көлік қозғалысына тыйым салынды.