«Денсаулық бұрышы»: жамбылдық дәрігерлер MART сауда үйінде 400-ге жуық азаматқа медициналық кеңес берді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен «Денсаулық бұрышы» акциясын ұйымдастырды.
Акция аясында №5 қалалық емхана мен Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталық дәрігерлері 400-ге жуық қала тұрғындары мен қонақтарына медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетті.
Жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына бағыт-бағдар берді.
Шара барысында сондай-ақ Қор филиалының мамандары МӘМС жүйесінің маңыздылығы туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.
Айта кетейік, Қор филиалы ұйымдастырған «Денсаулық бұрышы» акциясы алдағы уақытта қаладағы бірқатар сауда орталықтарында жалғасатын болады.