Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!
«Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы, Қ.Тұрысов көшелерінде М-1 жылу желісін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, Төле би мен Жамбыл даңғылдарының, Төле би даңғылы мен Қ. Тұрысов көшелерінің қиылыстарын (Төле би даңғылының бойы) 24.04.2025 жылдың сағат 21:00-ден бастап 1 ай мерзімге толығымен жабылып, барлық көлік қозғалысына тыйым салынады.
Аталған жолдардың жабылуына байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарынан жүру бағытын алдын ала айқындап алуды және уақытша туындайтын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.