23 сәуір – Ұлттық кітап күні.
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кітап күнін белгілеуді тапсырған болатын. Осыған орай, биыл 23 сәуір елімізде алғаш рет - Ұлттық кітап күні ретінде аталып отыр.
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды осы айшықты күнмен құттықтап, кітаптың ұлт болашағындағы маңызын ерекше атап өтті:
«Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімге құштарлықты, ізденісті, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін маңызды күн. Кітап оқыған ұрпақ – озық ойлы, кемел қоғамның негізі. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады», – деп жазды Президент өз құттықтауында.