Нұрлан Мыңбаев «Әулиеата» ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Нұрлан Мыңбаев «Әулиеата» ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Мыңбаев Нұрлан Нұрмаханұлы Тараз қаласы «Әулиеата» ауданы әкімінің міндетін атқарушының өкімімен 2025 жылдың 21 сәуірінен бастап Тараз қаласы «Әулиеата» ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Нұрлан Нұрмаханұлы Мыңбаев 1991 жылы 21 қарашада Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2014 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы «Қаратау жолдары» ЖШС өндірістік техникалық бөлімінің басшысы ретінде бастаған.
2016-2018 жылдары – Жамбыл облысы, Талас ауданы «Нұр Отан» партиясының Талас ауданы филиалының маманы;
2020-2023 жылдары – Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы;
13.01.2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы отбасы және жастар мәселелері жөніндегі бөлімнің басшысы лауазымын атқарған.

2025 жылдың 21 сәуірінен бастап Тараз қаласы «Әулиеата» ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.