Кезекті аппараттық кеңес өтті

Кезекті аппараттық кеңес өтті

Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Исабековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Әуелі Нұрсұлтан Арқабайұлы жуырда ғана тағайындалған қала әкімінің кеңесшісі Нұрдос Сембек пен қала әкімдігі медиа орталығы директорының міндетін атқарушы Назерке Болатты көпшілікке таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бұдан кейін кеңестің күн тәртібіне сәйкес «Әулиеата» ауданы әкімінің міндетін атқарушы Медет Нұрмаханов санитарлық-тазалық және абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

– «Әулиеата» ауданына қарасты №1 аумақтық округте заңсыз орналасқан 3 дүңгіршек бар. Алайда, аталған аумақтық округ бойынша зерделеу жұмыстары кестеге қойылмаған. Округтегі заңсыз тұрған дүңгіршек, сауда орындары және павильондарды комиссиямен зерделеу жұмыстарын кестеге қосу қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ аудан аумағында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Округ инспекторларының зерделеу жұмыстарының нәтижесінде ластанған аумақтар анықталды, – деген Медет Сәбитұлы алдағы уақытта тиісті бөлімдермен бірлесе отырып осы мәселелердің шешімін табу қажеттігін жеткізді.

Келесі кезекте «Жібек жолы» ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ержан Данаев та тазалық жұмыстарының барысына тоқталды. Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес жарияланған санитарлық-тазалық жөніндегі екі айлықтың аясында білім беру, денсаулық сақтау мекемелері, жалпы барлық мекеме өз аумақтарында сенбілік өткізіп, тазалыққа барынша атсалысуда. Сондай-ақ бұл шараға тұрғындар мен кәсіпкерлік нысан иелері, қоғам белсенділері де үлес қосқан. Арық-атыздар тазаланып, қыс бойы жиналған 285 тонна қоқыс арнайы аумаққа шығарылған.
Сонымен қатар қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен бюджеттің орындалуы, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сауда үйлерінің алдындағы автотұрақ, құрылыс жұмыстары бойынша мәселелер қаралды.

Жиынды қорытындылаған Нұрсұлтан Арқабайұлы күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша тиісті сала басшыларынан жауап алып, нақты тапсырмалар жүктеді.