
Бүгін Таразда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Ашық есік» күні өтті
Іс-шараның мақсаты – мүгедектердің құқықтарын қорғау, оларды заңды тұрғыда қолдау және мүгедектерге қатысты туындайтын мәселелерді шешуге көмектесу, консультативтік-кеңестер беру.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау шарасын ұйымдастырушылар – Тараз қаласы прокуратурасы, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау және өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясат-тың негізгі бағыттарының бірі.
Бүгінгі күні қалада тұратын 17 мың мүгедектің (бұдан әрі – мүгедектер) 13,9 мыңы еңбекке қабілетті жастағылар (73,5%), 2,8 мың адам – 18 жасқа дейінгі балалар (15,8%).
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат оларды әлеуметтендіруге, қоғамға толық инте-грациялауға және халықтың осы санатының басқалармен тең дәрежеде өмір сүруіне, жұмыс істеуіне және оқуы-на, қоғам өміріне еркін қатысуы үшін кедергілерді еңсеруге, жоюға бағытталған.
Мүгедектігі бар адамдардың көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, саңырау-құлақ құралдарымен, мүгедектер арбасымен, са-наториялық-курорттық емделумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманы-ның қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мүгедектерге техникалық көмекші құралдар (бұдан әрі – ТҚҚ) және оңалту қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды.
Мемлекеттік қолдау шараларымен барлығы 151 адам жұмыспен қамтылды: квотамен 4 адам, тұрақты жұмыс орындарына – 37 азамат, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 97 азамат, жастар практикасына – 1 азамат. әлеуметтік жұмыс орындарына – 3 азамат, күміс жас – 13 азамат.
Жалпы жиынға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, қала әкімдігінің бөлімдері, қала әкімінің мүгедек-термен жұмыс жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қатысты.