«Сәулет» (16) шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысы

«Сәулет» (16) шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысы

«Сәулет» (16) шағын ауданында 5 қабатты 12 тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

Жобалау жоспары бойынша мұнда 82 көпқабатты тұрғын үй, 1 емхана, 1 перинаталды орталық, 1 инфекциялық емхана, 1 мешіт, 2 мектеп, 3 балабақша және 486 жеке тұрғын үй салу қарастырылған. Ал алқаптың жалпы аумағы 388,3 гектарды құрайды.

Сонымен қатар, тұрғын үйлердің заманауи сәулеттік келбетін сақтау барысында сыртқы қасбеті және шатыры ерекше жобамен жасалынуда.

Айта кетейік, жақында 30 тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталуы жоспарланған.