«Әулие-Ата» (14) шағын ауданында құрылыс жұмыстары қарқын алды

«Әулие-Ата» (14) шағын ауданында құрылыс жұмыстары қарқын алды

Бүгінде Тараз қаласы алып құрылыс алаңына айналып келеді. Әсіресе, қазір «Әулие-Ата» (14) шағын ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.

Айталық, аталмыш шағын ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша 145 тұрғын үй, оның ішінде 64-і таунхаус, үй, 81-і көппәтерлі, 2 мектеп, 3 балабақша, онкологиялық диспансер, көпсалалы аурухана, профильді емхана, лицей интернаты, салтанат сарайы, инновациялық шығармашылық орталығы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, кәсіпкерлік нысандарды салу көзделген.  

Жалпы «Әулие-Ата» (14) шағын ауданында 2016-2023 жылдардың аралығында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (газбен жабдықтау, жылу, электр, ауыз су, кәріз желілері мен сыртқы байланыс желілері) құрылысы жүргізілді.

Қазіргі таңда шағын ауданда 5 қабатты 22 тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары былтырғы жылдың қараша айында басталып, жүргізілуде. Жоба бойынша тұрғын үй ішкі алаңдық инженерлік желілерімен бірге қарастырылған.