2025-2026 оқу жылына оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызда аяқталады.
Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілген.
Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады.
Өтінішті ата-аналардан қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылады:
egov.kz электронды үкімет порталы арқылы
Қағаз түрінде
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Қажетті құжаттар тізімі:
Ата-ананың өтініші
Баланың 3х4 көлеміндегі цифрлық фотосуреті
«Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды және «Профилактикалық екпелер картасы» №065/у нысанды медициналық анықтамалар
Тұрғылықты жеріне байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған.
(Білім беру ұйымына қызмет ету аумағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі).
Сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады
Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты 25 тамыздан кейін шығарады.
Ата-аналардан құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.