Қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тал кесу, канализация жүйесін жаңғырту, балалар ойын алаңы, көшедегі арық жүйесі, жаңа үйлерді нөмірлеу және мемлекет меншігіне қайтарылатын жер телімі жөнінде мәселелер көтерді.

Сонымен қатар тұрғындар көпқабатты үйлердің жөндеу жұмыстарына қатысты сауалдар қойды.

Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.