«Қош келдің, Әз Наурыз!» мерекелік іс-шара

«Қош келдің, Әз Наурыз!» мерекелік іс-шара

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

​Сіздерді 21 наурыз күні сағат 11.00-де орталық алаңда ұйымдастырылатын «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шараны тамашалауға шақырамыз!

Бағдарламада:
•театрландырылған қойылым;
•киіз үйлер қалашығында қолөнер, тұрмыстық, ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінен фотоаймақ;
•ұлттық спорт ойындары, алтыбақан, ұлттық тағамдардан сауда-саттық қамтылады.

Концерттік бағдарламада эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Атап айтсақ: “Қоңыр” тобы, “Жігіттер” квартеті, Қырғыз Республикасының халық әртісі Саламат Садыкова және жергілікті өнер жұлдыздары.

Кештің жүргізушілері: Ғалымжан Кеншілік пен Гүлнұр Оразымбетова.

Келіңіздер, көріңіздер, жыр мен думанға толы Наурыз мерекесін бірге тойлайық!

Тараз қаласының әкімдігі