Ақпан айындағы демалыс күндері

Ақпан айындағы демалыс күндері

2025 жылдың ақпан айында мемлекеттік мереке жоқ. Сондықтан ел азаматтары небәрі 8 күн демалады.

Дегенмен, ақпан айында кәсіби және өзге де мерекелер бар. Жұмыс күндеріне қарамастан, ондай кәсіби мерекелер атап өтіледі.

1 ақпан – Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні;
2 ақпан – Ұлттық баспа күні;
15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарған күні.