«Жасыл желек – жердің көркі» акциясы аясындағы абаттандыру жұмыстары

«Жасыл желек – жердің көркі» акциясы аясындағы абаттандыру жұмыстары

Бүгін облыс орталығында “Жасыл желек – жердің көркі” атты ағаш отырғызу акциясы өткізілді.

Акция Ы.Сүлейменов көшесінен “Ұлы дала” ықшамауданына тіке өтетін жаңа ашылған жолдың бойында ұйымдастырылды.
Аталған акция барысында 1000-ға жуық ағаш отырғызылды.

Ағаш отырғызуға облыс, қала әкімі, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық экология департаменті, облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы, жастар, жеке кәсіпкерлер және ардагерлер белсене қатысты.