«Үздік қолөнерші» конкурс

«Үздік қолөнерші» конкурс

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

21 маусымда «Тараз – қолөнершілер қаласы» фестиваліне дайындық жұмыстарын жүргізілуіне орай қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңғырту, ата-бабалардан қалған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету, дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері мен технологиясын жастар арасында насихаттау мақсатында «Үздік қолөнерші» атты конкурсы өткізіледі.

Фестивальға Тараз қаласының кез келген қолөнер саласында жұмыс жасайтын ұйымдар қатыса алады.

Қатысушылардың өтінімдері 2024 жылдың маусым айының 18-на дейін Тараз қаласы, М.Жүнісалиев көшесі, №49 мекен жайында орналасқан Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің №2 кабинетінде қабылданады және opp-taraz@mail.ru электронды мекенжайына жіберуге болады.

Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-22-96, 8 775 135 95 32 (Жапар Нұржан).

«Үздік қолөнерші» конкурсының ережесі

1. Жалпы ереже

Ұйымдастырушы: Тараз қаласының әкімдігі

Конкурстың мақсаты: Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңғырту, ата-бабалардан қалған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету, қолөнер өнері мен технологиясын жастар арасында насихаттау.

2.Конкурстың талаптары мен шарттары

1. Конкурсқа Тараз қаласының кез келген қолөнер саласында жұмыс жасайтын ұйымдар қатыса алады.
2. Конкурста 4 номинация бойынша аккредитациядан өту саласына қатысты жеңімпаздар анықталады:
1) Ұлттық қолданбалы өнер шебері (Ою-өрнекпен жасалатын тұрмыстық заттар,зергерлік бұйымдар Материалы:Ағаш, сүйек, жүн, былғары, қыш,шыны, күміс, алтын...);
2) Көненің көзі-жаңашылдық шебері (наваторство) (жүннен, ағаштан, қыштан, мата өнімдерінен т.б жасалған киім-кешек,аяқ киім бұйымдары, кәдесыйлар,пано;
3) Дәстүрлі және заманауи тоқыма өнер шебері (Кілем, алаша, тұскиіз, гобелен, пано шашақтар, ойыншық пен тоқыма бұйымдары);
4) Үздік жүн басушы.
3. Барлық қатысушы ұйымдар ұлттық киіммен байқауға қажетті алдын ала дайындалған өнімдерін (қолөнер бұйымдарын) алып келуі тиіс.
4. Әрбір қатысушы ұйым 1 немесе бірнеше өніммен қатыса алады. Өнімнің көлемі мен дайындау уақыты, күрделілігіне қарай және басқа парамертлеріне баға беріледі.
5. Қатысушылар дайын қолөнер бұйымдарын әділ қазыларға 5 минут ішінде таныстырып, қалай дайындалғандығы жөнінде түсіндіреді. Берілген уақытта қолөнер бұйымының сапасына және құндылығына қарай жеңімпаз анықталады.

6. Қатысушылар конкурсқа дайындық барысы туралы таныстыру бейнеролигін әзірлеп (ұзақтығы 30 секунд пен 2 минут аралығында), оны өздерінің жеке әлеуметтік желідегі парақшаларына (instagram, facеbook) орналастырып, қала әкімдігінің парақшасын (instagram «taraz.akimdigi», facеbook «Тараз қаласының әкімдігі»)(#Тараз «Үздік қолөнерші» конкурсы тегтеуі арқылы) белгілеуі қажет.
7. Байқау әр номинацияда 1,2,3 орындар алған жеңімпаздарын арнайы құрылған комиссияның шешімі арқылы бағалайтын болады.
8. Қатысушылардың өтінімдері 2024 жылдың маусым айының 18-не дейін Тараз қаласы, М.Жүнісалиев көшесі, №49 мекенжайында орналасқан Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің №5 кабинетінде қабылданады және oрp-taraz@mail.ru электронды мекенжайына жіберуге болады. Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-22-96, 8 775 135 95 32 (Жапар Нұржан).

Өткізілетін орны: Тараз қаласы, Рахимов көшесі, №55, Тараз қалалық мәдениет үйі.
Өткізілетін күні, уақыты: 21.06.2024 жыл2024 жылдың маусым айының 21 жұлдызы.

3. Марапаттау
Жеңімпаздар және 2,3-орын алған қатысушылар арнайы бағыттар бойынша марапатталады.