Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Айталық, биыл шаһар аумағында 140 шақырымнан аса жол жөнделеді деп жоспарлануда. Әсіресе, жол азабын талай жылдан бері тартып келе жатқан шет аумақтарға барынша назар аударылуда.
Солардың бірі – «Бурыл» алқабы. Бұл тұрғын алқапта 75 көше бар. Былтыр аталған аумақтың 16 көшесіне асфальт жабындысы төселген болатын. Енді сәтін салып, мұндағы жұмыстар қайта жанданды.
Қазіргі уақытта бірнеше көшеде жол негіздемесі дайындалса, Сарыкемер, Саудакент көшелеріне асфальт жабындысы төселді.
Құрылыстың мердігері – «Арайстроймаркет-2003» ЖШС.