Қала әкімі «Қызыл-Абад» алқабының тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі «Қызыл-Абад» алқабының тұрғындарымен кездесті

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Қызыл-Абад» алқабының тұрғындарымен кездесті.
Мұндағы жұртшылықты талай уақыттан жол мәселесі толғандырып келеді. Енді биыл соның орайы келіп, алқаптағы Мақатаев, Ж.Бекеев көшесінің 1, 2-бұрылыстары, Д.Қалымбетов, Береке көшелеріне жол салынады. Бұл бойынша мердігер мекеме «Дан-Строй-Проект» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, тиісті жұмыстар басталған.

– Алқаптағы әрбір мәселе жақсы таныс. Бұл бойынша жоба-жоспарлар сызылып, тиісті жұмыстар қолға алынуда. Дегенмен, бәрі бір-ақ сәтте орындалмайтынын да естен шығармауымыз қажет. Барлығы жоспарға сай кезең-кезеңімен шешімін табады, – деген шаһар басшысы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ басқосу барысында ауыз су, көшелерді жарықтандыру, интернет желісінің жылдамдығын арттыру сынды маңызды мәселелер де көтерілді.