«М-1» жылу желісін жаңғырту: 550 м лоток және 150 м құбыр жүйесі орнатылды.

«М-1» жылу желісін жаңғырту: 550 м лоток және 150 м құбыр жүйесі орнатылды.

Жылу желілерін жаңғырту – кезек күттірмейтін маңызды жұмыс. Бүгінде Тараздағы «М-1» жылу магистралының тозу деңгейі 80 пайызды құраған.

Осыған орай, 2023 жылы қала әкімдігімен «Тараз қаласы Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелерінің бойындағы «М-1» жылу магистралін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы әзірленіп, сол бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған болатын. Сондай-ақ сараптама қорытындысына сәйкес, республикалық және облыстық бюджеттен тиісті қаржы сұралды.

 Жұмыс жобасында көрсетілгендей аталған жылу магистралы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы және Қ.Тұрысов көшелері бойында жатыр. Жалпы ұзындығы 6 138 метрді құрайды. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жеңімпаз мердігермен келісімшарттар жасалды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының тапсырыс берушісі – Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Жобаның бас мердігері – «Сарыағаш-Аман» ЖШС
Техникалық қадағалаушысы – «АДС САПА» ЖШС
Авторлық қадағалаушысы – «Институт «КазНИПИЭнергопром» АҚ.

Барлық мүдделі мекемелермен келісу жұмыстары жүргізілген соң 2024 жылдың 19 сәуірінен бері құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
Құрылыс жұмыстарына жалпы 5 бөлікте құрылысшы топтар жұмылдырылған.

Қазіргі таңда, 2000 м-ден аса лоток және құбыр жүйесіне демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2 үлкен жылу камерасы (ТК-121, 131) демонтаждалып, бетон құю жұмыстары басталды.

Жалпы 550 м лоток және 150 м құбыр жүйесі орнатылды.

🔹Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың 1 қазанына дейін толығымен аяқтау жоспарлануда.