Жол жабылды

Жол жабылды

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

«Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы, Қ.Тұрысов көшелерінде М-1 жылу желісін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне орай, 2024 жылдың 17 мамыры, сағат 20:00-ден бастап 1 ай мерзімге Төле би даңғылының Желтоқсан көшесі мен Қолбасшы Қойгелді көшесі аралығы (толық жабылды) жабылды. Барлық көлік қозғалысына тыйым салынады.

Аталған жолдардың жабылуына байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарынан жүру бағытын алдын ала айқындап алуды және уақытша туындайтын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.