“Жігіт сұлтаны – 2024” атты байқау өтті

“Жігіт сұлтаны – 2024” атты байқау өтті

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен “Жігіт сұлтаны – 2024” атты байқау өтті.

Жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата салтын ардақтайтын жастарды анықтауды мақсат тұтқан байқау 6 кезеңнен тұрып, оған 7 үміткер қатысты.

Сайыс нәтижесінде 1 – орынды Бахтияр Смайл,

2 – орынды Бауыржан Суфанов,

3 – орынды Еркебұлан Әсетхан еншіледі.

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.