«Өнегелі ұрпақ» апталығы: қарияға қамқорлық көрсетілді

«Өнегелі ұрпақ» апталығы: қарияға қамқорлық көрсетілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы шеңберінде Ұлы Отан соғысының ардагері Ережепбай Мүтәліп ақсақалдың үйінің кіреберіс жеріндегі қабырғаларды сырлау, ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аталған игі шараға «Тұрғын үй жөндеу Тараз» ЖШС қызметкерлері, қаланың белсенді жастары мен еріктілер атсалысты.

Шара соңында Ұлы Отан соғысының ардагері жастарға батасын беріп, алғысын жеткізді.


– «Таза Қазақстан» акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы шеңберінде қаламыздың жастары өз еріктерімен келіп тазалық жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, мұндай бастаманы жастарымыздың қолға алып, үйлестіріп отырғандарына шын жүректен қуаныштымын.
Осы орайда, қаламыздың тұрғындарын «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсене қатысып, шаһар көркеюіне үлес қосуға шақырамын.
Осы арқылы әрбіріміз қала тазалығын сақтап ғана қоймай, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен ұлттық тәрбиеге баулиды, – деді қарт майдангер ағынан жарылып.

Жастардың өнегелі ісіне көпқабатты тұрғын үйдің өзге де тұрғындары дән риза.