Кәсіпкер әйелдер көгеріштендіру жұмыстарына қатысты

Кәсіпкер әйелдер көгеріштендіру жұмыстарына қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығында ағаш көшеттері отырғызылуда

Бүгін «Ұлы дала» (15) ықшамауданында Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығы мүшелері, қаладағы кәсіпкер әйелдер қауымы бірлесіп, түрлі ағаш көшеттерін отырғызды.
№64 орта мектептің аумағына 100 түп сәндік ағаштарын еккен қыз-келіншектер игі істің ұрпаққа үлгі болатынын айтып, мектеп ұжымына алғыс білдірді.

– Еліміздің барлық өңірінде жанданған «Таза Қазақстан» акциясы Тараз қаласында да баянды жалғасын табуда. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы шеңберінде «Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, қаламыздың нәзік жанды арулары мен кәсіпкер әйелдері игі іске өз үнімізді қосқанды жөн деп көрдік, – деді «Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрайымы Меруерт Лештаева.

Жалпы мұндай бастаманы Тараздың кәсіпкер келіншектері жыл сайын өткізіп тұрады. Өткен жылдары аурухана, перинаталдық орталық, әлеуметтік нысандардың маңына ағаш көшеттерін отырғызып, қаланы көгалдандыру жұмыстарына үлес қосқан еді.