Жол жабылады

Жол жабылады

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

 «Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы, Қ.Тұрысов көшелерінде М-1 жылу желісін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіледі. Соған орай, 2024 жылдың 19 сәуірі, сағат 20:00-ден бастап 1 айға Төле би даңғылының Жамбыл даңғылы мен Қолбасшы Қойгелді көшесі аралығы жабылып, барлық көлік қозғалысына тыйым салынады.

Соған сәйкес, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Жамбыл даңғылының Қазыбек би көшесінен Төле би даңғылы аралығындағы бір бағыттағы жол жолағы жабылып, барлық көліктің қоғалысына тыйым салынады.

Сонымен қатар, аталған жұмыс жобасына сәйкес, 2024 жылдың 20 сәуірі, сағат 20:00-ден бастап 1 аптаға Төле би даңғылының Әйтиев көшесінен Абай даңғылы аралығындағы бір бағыттағы жол жолағы жабылып, барлық көліктің қоғалысына тыйым салынады.

Аталған жолдардың жабылуына байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарынан жүру бағытын алдын ала айқындап алуды және уақытша туындайтын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы