Таразда арық-атыздар тазартылуда

Таразда арық-атыздар тазартылуда

Тараз қаласында арық-атыздарды тазалау жұмыстары қарқын алды.

Айталық, биыл 28 шақырым арық жүйесін тазарту жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 3,2 шақырым арық толығымен тазартылды.
Нақтырақ тоқталсақ, Төле би, Қазыбек би, Абай, Қонаев, Желтоқсан, Әйтиев, Қ.Тұрысов, Шостакович көшелері мен Жамбыл даңғылы бойындағы арықтар және қаладағы каналдар күл-қоқыстан арылды.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.