Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына (ҚР ҚНжЕ 2.04-07-2022) сәйкес, «Азаматтық ғимараттарды жылумен қорғау» заңнамасында жылы кезең деп ғимараттың мақсатына байланысты жылдың орташа тәуліктік ауа температурасы 8 немесе 10°С жоғары болған кезеңі есептеледі.
«Қазгидромет» мекемесінің 2024 жылғы сәуірдегі ауа райы болжамына сәйкес, екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 10 және 18°С дейін көтеріледі.
Сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы + 8 ⁰ С-дан жоғары болуына байланысты, Тараз қаласының әкімдігі 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымын 2024 жылғы 15 сәуірде сағат 00:00-ден бастап тоқтату мен «Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларына» сәйкес жылу желілеріне жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу және гидравликалық сынақтар жүргізу туралы қаулы қабылдады. Осыған орай, 15-сәуірден 15-мамырға дейін, яғни 30 күн мерзімге қала аумағында ыстық су уақытша өшіріледі.
Тараз қаласындағы тұтынушыларға ыстық су беру 2024 жылдың 15 мамырынан бастап қайта жалғастырылады.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы