Биыл жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың туғанына 178 жыл толды. Ол өмір есігін ашқан ақпан айының жиырма сегізі бүгінде бүкілхалықтық мерекеге айналды.
Дәл осы күні Жамбыл жұртшылығы ақынның есімін ұлықтауды ұмытқан емес.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков пен зиялы қауым өкілдері жыр дүлдүлінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.