«Ұлттық қор – балаларға» жобасы

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы 2024 жылы 1 қаңтардан бастап іске қосылады.

Бағдарламаға кімдер қатысады?
Кәмелетке толмаған әрбір қазақстандық бала Ұлттық қордан өз үлесін алуға құқылы.

Ақшаны баспанаға және білімге жұмсауға болады
18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қордың табысынан жиналған қаражатты тек екі мақсатта пайдалана алады.

Біріншісі – баспана сатып алу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту. Бұл ретте тұрғын үйді тек Қазақстан аумағында ғана сатып алуға рұқсат етіледі.

Екіншісі – білім алу. Отандық жоғары оқу орындарымен қатар шетелдік университеттерде де оқуға мүмкіндік бар