
Байқаудың талаптары мен шарттары
1. Байқауға қатысушы 14-25 жас аралығындағы қала тұрғыны болуы тиіс.
2. Қатысушының шаш ұзындығы 1 метрден аса, шашының қалыңдығы 10 см болу керек.
3. Байқау қатысушылары қазақтың ұлттық, заманауи киімімен қатысады.
Байқау бес кезеңнен тұрады.
І кезең – қазылар алқасы қатысушылардың шашының ұзындығы мен қалыңдығын және сахнаға шығу образын бағалайды (алдын ала өткізілген қорытынды бойынша әр қыздың шашының ұзындығы мен қалыңдығы жайлы мағлұмат қазыларға беріледі).
ІІ кезең – қатысушылар бейне слайд арқылы өздерін және отбасын таныстырады.
ІІІ кезең – «Білікті қыз» аталымында қатысушылар салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беріп, аяқталмаған мақал-мәтелдерді жалғастырады.
ІV кезең – «Қыз – елдің көркі» байқауында қатысушылар ұлттық киімде дефиле көрсетеді.
V кезең – қатысушылардың жақындары немесе достары олардың бұрымдарына (шаштарына) 10 минут ішінде әр түрлі сән үлгісін жасауы тиіс болады. Олар әртүрлі заманауи үлгідегі бұрымдар өріп, не себепті бұл үлгілерді таңдағандықтарын түсіндіреді.
Байқау жеңімпаздарын арнайы құрылған комиссия бағалайтын болады.
Қатысушылардың өтінімдері ағымдағы жылдың қазан айының 13-не дейін (сағат 10.00-ден 17.00 аралығында) Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №65 «А» мекенжайында орналасқан Ардагерлер үйінің 1-қабатында қабылданады.
Байланыс телефоны: 8 701 111 24 55 (Жанат Төленқызы).