Көнені жаңғыртқан “Киіз Fest” фестивалі

Көнені жаңғыртқан “Киіз Fest” фестивалі

Қала күніне орай «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде “Киіз Fest” фестивалінің ашылу рәсімі өтті. Аталмыш шараның мақсаты – қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңғырту, ата-бабадан қалған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа насихаттау.

Сайыста 12 топ бақ сынады. Қатысушы топтар өз қолдарымен дайындаған киіздері мен ұршықпен иірілген жіптерін әділ қазыларға ұсынып, атауын, дайындау әдісін, ерекшелігін, жасау техникасын, шығу тарихын түсіндіріп өтті.