Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков Тараз қаласының бірқатар тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.

Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков Тараз қаласының бірқатар тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар жер кезегі, тұрғын үй кезегі және көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу сынды мәселелерді қозғады.
Сондай-ақ «Асарлатып үй салу» жобасы мен «Қарасай» тұрғын алқабын газдандыру бойынша сауалдарын қойды.

Шаһар басшысы тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.

Бүгін қабылдауға жиырмадан аса адам жазылған.