30 қыркүйекте – кең көлемді ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

30 қыркүйекте – кең көлемді ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

Қала күніне орай, Орталық алаңда ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеуші кәсіпорындардың жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Шу, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Талас, Қордай, Сарысу аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері қатысады.

Жәрмеңкеде жалпы құны 112,3 млн. теңгені құрайтын 173,7 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Оның ішінде 18,2 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3,5 тонна шұжық өнімдері, 6,4 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 4,0 тонна макарон өнімдері, 0,4 тонна тұз, 4,6 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 127,5 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын жәрмеңкеде барлық азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 10-15%-ға төмен бағада ұсынылады.